Іс-шаралар » Страница 6 » Балбөбек балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
"Балбөбек" ббалабақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
"1-мамыр береке бастауы бірлік"
24
апрель
2024
"1-мамыр береке бастауы бірлік"
Ортаңғы топ"Бәйшешек" Тақырыбы; "1-Мамыр береке бастауы бірлік" Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету. 
"Достығымыз жарасқан"
24
апрель
2024
"Достығымыз жарасқан"
Ересек "Сұңқар" топ. Тақырыбы: "Достығымыз жарасқан" Мақсаты:1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге баулу. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып, олармен тату, достық қарым- қатынаста болуға тәрбиелеу.  Тәрбиеші: Қасенова Гүлжан.
"Бірлігіміз жарасқан"
24
апрель
2024
"Бірлігіміз жарасқан"
Ересек"Балдәурен" тобы. Тақырыбы: "Бірлігіміз жарасқан" Мақсаты:Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Кожагельдиева Шарбану.
"Бірлік бар жерде, тірлік бар"
23
апрель
2024
"Бірлік бар жерде, тірлік бар"
Ортаңғы топ "Құлыншақ" Тақырыбы: "Бірлік бар жерде, тірлік бар" Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Алимбетова Перизат.
"Айналайын ақ анам"
19
март
2024
"Айналайын ақ анам"
Ортаңғы топ"Құлыншақ". Тақырыбы: "Айналайын ақ анам" Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Әлімбетова Перизат.
"Төрлет, төрлет- Наурыз"
15
март
2024
"Төрлет, төрлет- Наурыз"
Ересек "Балдәурен" тобы Тақырыбы: "Төрлет, төрлет- Наурыз" Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет- ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт- дәстүрін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт- дәстүрді, мұраларды танып білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой- қиялының,
"Ана- өмір шуағы!"
06
март
2024
"Ана- өмір шуағы!"
Ортаңғы "Ботақан" тобы. Тақырыбы:"Ана- өмір шуағы!" Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат беру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Тәрбиеші: Оразымбетова Шолпан.
"Көктем- ана, қыздар гүл!"
05
март
2024
"Көктем- ана, қыздар гүл!"
Ересек "Балдәурен" тобы. Тақырыбы: "Көктем- ана, қыздар гүл!" Мақсаты: Балаларға 8-наурыз әжелер, аналар, қыздардың мерекесі екенін айтып түсіндіру. Әжелер, аналар, қыздарды сыйлай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Тақпақ, ән, ойын арқылы балалар үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке дағдыландыру. Ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу. Ой- өрісін дамыту. Тәрбиеші: Нурбаева Сайлаукүл.
Байқау" Ханталапай"
28
февраль
2024
Байқау" Ханталапай"
Ортаңғы "Ботақан" тобы. Байқау"Ханталапай" Тәрбиеші: Оразымбетова Шолпан.
"Үздік тәрбиеші- 2024" байқауы
22
февраль
2024
"Үздік тәрбиеші- 2024" байқауы
"Балбөбек бөбекжай" бақшасы. "Үздік тәрбиеші- 2024" байқауы. Байқаудың мақсаты: Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру. Балалар тәрбиесіндегі, тәрбиешілердің алатын орнымен маңызын насихаттау. Заманауи жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау. Қазіргі жағдай жұмыс істеу үшін қажетті, құзіретімен шығармашылығын дамыту. "Үздік тәрбиеші-2024" байқауына үш тәрбиеші қатысты. Әр қайсысы өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңында тәрбиешілерге орын беріліп, сыйлықтар