Біз туралы » Страница 4 » Балбөбек балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
"Балбөбек" ббалабақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ана- гүл, Ана- жыр, Ана- өмір шырағы!"
05
март
2025
"Ана- гүл, Ана- жыр, Ана- өмір шырағы!"
Ортаңғы "Бәйшешек" тобы. Тақырыбы: "Ана- гүл, Ана- жыр, Ана- өмір шырағы!" Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа, анаға деген сүйіспеншілікке тәрибелеу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аруларды мерекелерімен құттықтау. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.  Тәрбиеші: Сулеймбекова Гулзина.
"Ана-аяулы жан"
04
март
2025
"Ана-аяулы жан"
Ортаңғы топ"Айгөлек" Тақырыбы:"Ана-аяулы жан" Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрамы екенін үғындыра отырып, аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.Аналарды сыйлап, құрметтеуге үйрету. Тәрбиеші: Қожамұратова Жанар.
"Ұлыстың ұлы күні жасай берсін"
04
март
2025
"Ұлыстың ұлы күні жасай берсін"
Ортаңғы "Құлыншақ"тобы. Тақырыбы: "Ұлыстың ұлы күні жасай берсін" Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу.Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін.Наурыз мерекесіне қалай атап өтетіндігін таныстыру.Ұлттық салт -дәстүрді құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Қыдырәлиева Күмісай.
"Анашым ардақтым"
03
март
2025
"Анашым ардақтым"
Кіші "Бөбек"тобы. Тақырыбы: "Анашым ардақтым" Мақсаты: Балаларды 8 наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарды ренжітпеуге, қол қанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Қалымбетова Асылзат.
"Аяулы- Анашым менің"
03
март
2025
"Аяулы- Анашым менің"
Кіші топ: "Балақай" Тақырыбы: Аяулы-анашым менің! Мақсаты: балалардың мерекеге деген сезімін ояту. Әсемдікке баулу. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші: Баялиева Айнұр.
"Мереке күніңмен!"
03
март
2025
"Мереке күніңмен!"
Кіші "балапан" тобы. Тақырыбы:"Мереке күніңмен!" Мақсаты:Балаларға аналар мерекесі туралы өлең тақпақ аитқызып, Аналарына  сый құрмет көрсету. Тәрбиеші: Мукашева Жүзім.
"Анашым-  ардақтым"
03
март
2025
"Анашым- ардақтым"
Кіші "Балауса" тобы. Тақырыбы: "Анашым-  ардақтым" Мақсаты: Күннің нұры төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, аналарды, әжелерді, аруларды мерекесімен құттықтау. Ұстазға, ата- анаға деген құрметтерін арттыру. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу. Тәрбиеші: Алимова Айман.
« Көңілді қыс »
06
февраль
2025
« Көңілді қыс »
Тақырыбы:« Көңілді қыс » атты табиғат аясында өткізілген спорттық жарыс. Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.  Көрнекілігі: Шана, қар үйінділері, құрсау,текшелер, аққала , күрек, шелек, эмблемалар. Дене шынықтыру нұсқаушысы:Алимбетова П.
Таным
03
декабрь
2024
Таным
Ортаңғы "Айгөлек"тобы. Тақырыбы: Көңілді пішіндер. Мақсаты: Үшбұрыш,тіктөртбұрыш,дөңгелекке ұқсас заттарды тауып атын атай білуге үйрету.Балалардың түстерді,пішіндерді ажыратудағы ой қиялын дамыту.Балаларды ептілікке,жылдамдыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші: Рыскулова Айгуль.
Өзгерістер енгізу туралы
28
ноябрь
2024
Өзгерістер енгізу туралы
27.11.2024ж ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Мойынқұм ауданы. Мойынқұм ауылы. "Балбөбек" бөбекжай бақшасының ұйымының арасында 2026 жылға мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізу жобасы талқыланды.