Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама » Балбөбек балабақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Мойынқұм ауданының білім бөлімінің
"Балбөбек" ббалабақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
04
май
2026

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

                                                                                                     БЕКІТЕМІН 

                                                                                    «Балбөбек» бөбекжай бақшасының                                                                                                         меңгерушісі:                 Ф.Р.Скакова

                                                                                         «___»  ______________ 2025 жыл

                                                                            



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама



         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бағыттары:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

         Жұмыс тобы:

Комиссия 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 5/1 бұйрығына сәйкес құрылды.

         Топ жетекшісі:

Скакова Фатима Рахматовна– меңгеруші.

         Топ мүшелері:.

Копбергенова Ляйла Айтжановна – әдіскер.

Казакбаева Зауре Кундакбаевна – музыка жетекшісі, кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Сабырқұл Назира Бақытқызы – есепші.

Айнаш Боташева- қамқоршылық кеңестің төрайымы


         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 2024 жыл.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:

2025 жылғы 7 қаңтар мен 14 ақпан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты:

Копбергенова Ляйла Айтжановна .

                                                                 

  1. «Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау»

         Персоналды басқару бағыты бойынша 2024 жылдың 3 қаңтарында бекітілген штат кестесі бойынша штат саны 47,7 бірлікті құрайды. Штаттық кесте бойынша лауазымдардың атауы мен штат бірліктері төмендегі 1-кестеде көрсетілді.


1-кесте


Лауазымдардың атауы

Штат бірлігі

1

меңгеруші

1,00

2

педагог-психолог

1,00

3

әдіскер

1,00

4

логопед

1,50

5

музыкалық жетекші

2,75

6

дене шынықтыру нұсқаушысы 

1,75

7

тәрбиешілер БЖТ

9,00

8

тәрбиешілер МДТ

15,75

9

шаруашылық меңгерушісі

1,50

10

мед.бике

1,50

11

емдәм бике

0,50

12

бухгалтер

1,50

13

хатшы

1,00

14

тәрбиешінің көмекшісі Б.Ж.Т

5,20

15

тәрбиешінің көмекшісі М.Д.Т

8,05

16

аспаз

3,00

17

кешенді қызм.көрс.жұмысшы

4,00

18

слесарь-сантехник

1,00

19

күзетші

3,00

20

қызмет үй-жайларын тазалаушы

1,50

21

көмекші жұмысшы 

2,00

22

Кастелянша

1,00

23

кір жуу машин.операторы

3,00

24

аула сыпырушы

2,00


Барлығы:

74,50


Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды рәсімдеу еңбек заңнамасына, мектепке дейінгі ұйым жарғылық ережесіне, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесіне, лауазымдық нұсқаулықтар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. 

2024 жылы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің тізімі 2-кестеде көрсетілді.


2-кесте


Тегі, аты, әкесінің аты

Жұмысқа қабылданған күн

Жұмыстан шығарылған күн

1

А.Есбергенова


03.01.2024

2

А.Даулеткулова

03.01.2024


3

М. Сарманова


31.01.2024

4

Ж.Ауесбекова


29.02.2024

5

Э.Рахпанова

01.03.2024


6

Г.Молдабаева


25.07.2024

7

З.Оспанова


30.07.2024

8

Ж. Азимхан

31.07.2024


9

А.Маулеткулова


01.08.2024

10

Ш.Дигарбекова


13.08.2024

11

С.Акбергенова

06.09.2024


12

А.Сәрсенбек

06.09.2024


13

Т.Терликбаева

20.09.2024


14

К. Искаков


05.11.2024

15

М.Умирзаков

07.11.2024




  1. «Мүдделер қақтығысын реттеу»

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


  1. «Мемлекеттік   қызметтер  көрсету»

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша мектепке дейінгі ұйым            2 (екі) мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.


  1. Педагогтерді аттестаттау;

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы                      № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес, тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін:

  1. білім беру ұйымдарында: "педагог-модератор";

   2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органында: "педагог-сарапшы", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы";

   3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:

   "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін, "бірінші санаттағы басшының орынбасары", "бірінші санаттағы басшы";

   ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: "педагог-сарапшы", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы";

   4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:

   "педагог-шебер";

   ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін: "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "бірінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы", "бірінші санаттағы басшы".

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында құрылған педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының шешіміне сәйкес, меңгеруші Скакова Фатима Рахматовна басшы-ұйымдастыру санаты, әдіскер Копбергенова Ляйла Айтжановнаға, тәрбиеші Алимова Айман Мауленовнаға, тәрбиеші Максутканова Арайлым Тилектесовна, тәрбиешіРыскулова айгуль Сарсембаевна, тәрбиеші Серикова Гульзия Жасузаковна, тәрбиеші Мукашева Жузим Жиреншеевна , тәрбиеші Кыдыралиева Кумисай Буркитовна, тәрбиеші Сулеймбекова Гулзина Жаксылыковна логопед Акбергенова Салтанатқа, кезекті аттестаттауға және біліктілік санатын беру (растау) рәсіміне қатысуға берген өтініші бойынша берілген біліктілік санатына сәйкес келеді деген шешім шығарылуына байланысты 2024 жылдың                            03 маусымнан бастап  «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарға (бұдан әрі - МДҰ) құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау:

"Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес, қағидалар түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою, мектепке дейінгі ұйымдарға (бұдан әрі - МДҰ) құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау тәртібін айқындайды.

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш, сондай-ақ 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Бөбекжай-бақшада тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілер жас ерекшелігіне сай            6 (алты) топта орналасқан: 

Кіші «Балапан» тобында (2-жастағы балалар) - 20 тәрбиеленуші;

Кіші «Балақай» тобында (2-жастағы балалар) - 20 тәрбиеленуші;

Кіші «Балауса» тобында (2-жастағы балалар) - 20 тәрбиеленуші;

Кіші «Бөбек» тобында (2-жастағы балалар) - 20 тәрбиеленуші;

Ортаңғы «Айгөлек» тобында (3-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

Ортаңғы «Құлыншақ тобында (3-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

Ортаңғы «Бәйшешек» тобында (3-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

Ортаңғы «Ботақан» тобында (3-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

Ересек «Сұңқар» тобында (4-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

Ересек «Балдәурен» тобында (4-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

Мектепалды «Зерек» тобында (5-жастағы балалар) - 25 тәрбиеленуші;

2024 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында ата-аналардың өтініштеріне сәйкес 87 (сексен жеті) тәрбиеленуші бөбекжай-бақшадан шығарылды. 

2024 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында 33 (отыз үш) балаға ата-аналарының өтінішіне байланысты жолдамалар алынды. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


  1. «Рұқсат беру функцияларын іске асыру»

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша 2014 жылғы                  16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңына сәйкес мектепке дейінгі ұйым жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттемейді.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


  1. «Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру»

Мектепке дейінгі ұйым бақылау-тексеру функцияларын іске асырмайды.


1. НҚА-дағы, бизнес-процестердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің атауы;

1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы              9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысының прокуратурасы Мойынқұм ауданының прокуратурасы, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мойынқұм ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуына кешенді тексеру жүргізді.

2) 2024 жылдың 8 сәуіріндегі №243156450000027 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы бойынша "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы   9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 4-тараудың 72-тармағы, 5-тараудың            82- тармағы, 4-тараудың 133-тармағының 9)-тармақшасы және "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 11-қосымшасы бұзылғандығы анықталды.

2024 жылдың 8 сәуіріндегі №243156450000027 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегі 1-кестеде көрсетілді.


1-кесте


 


Жамбыл облысының прокуратурасы Мойынқұм ауданының прокуратурасының 2024 жылдың 27 наурыздағы №2-0707-24-00310  санды  бұзушылықтарды жою ұсынысын негізге ала отырып, 2024 жылдың 10 сәуірі күні 424580 (төрт жүз жиырма төрт мың бес жүз сексен) мың теңге айыппұл төленді.

Ұсыным: "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы    9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығы басты назарға алынсын.


  1. «Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу»

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша 2024 жылға төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес жүргізіледі.

2024 жылы жұмыстарға ұйымдастырылған хабарландырулардың тізімі төмендегі 1-кестеде көрсетілді.


1-кесте




2024 жылы орындалған жұмыстардың тізімі төмендегі 2-кестеде көрсетілді.


2-кесте




2024 жылы тауарларды сатып алуға ұйымдастырылған хабарландырулардың тізімі төмендегі 3-кестеде көрсетілді.


3-кесте



2024 жылы сатып алынған тауарлардың тізімі төмендегі 4-кестеде көрсетілді.


4-кесте




2024 жылы көрсетілетін қызметтерге ұйымдастырылған хабарландырулардың тізімі төмендегі 5-кестеде көрсетілді.


5-кесте




2024 жылы көрсетілген қызметтердің тізімі төмендегі 2-кестеде көрсетілді.


2-кесте




Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


  1. «Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу»

1) Жеке тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша "Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 611 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы, өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттей отырып 2024 жылы 66 (алпыс алты) тәрбиеленушінің ата-аналарымен шарт жасалды. 

2) Заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша шарттардың тізімі төмендегі 1-кестеде көрсетілді.


1-кесте


1

120740010086/240214/00 [240214]

Негзігі шарт

Договор на услуги государственного образовательного заказа

2024

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімі" КММ

18.10.2024

2

120740010086/240016/02 [240016/02]

Қосымша келісім

Договор на услуги государственного образовательного заказа

2024

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімі" КММ

26.05.2024


         Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.


  1. «Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану»

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу бағыты бойынша мектепке дейінгі ұйым ақпараттық жүйелерді әзірлемейді.

Ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша мектепке дейінгі ұйым "Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы                              9 тамыздағы №354 бұйрығына сәйкес "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің "Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің, кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы" арқылы "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою" және "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметтері бойынша Ұлтық білім деректер қоры және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың ақпараттандыру объектілерінің өзара әрекеттесу тәртібі (бұдан әрі – Өзара әрекеттесу тәртібі) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі–Заң) 5-бабының 10-1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою" және "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесу тәртібін белгілейді яғни, nobd.edu.kz – "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу – goszakup.gov.kz порталын;

Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы "Е-otinish" ақпараттық жүйесін;

Республикасының Қаржы министрлігі salyk.kz,  kgd.gov.kz порталдарын;


Enbek.kz – Электрондық еңбек биржасы enbek.kz (бұдан әрі - ЭЕБ)  жұмыс іздеу және қызметкерлерді іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді ұсынатын жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңын;

Мемлекеттік мүлік тізілімі E-QAZYNA.KZ активтерді басқарудың цифрлық платформасы gosreestr.kz;

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz;

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан, Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесі, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі esf.gov.kz порталын;

Balabaqsha SmartNation – мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай портал* мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы қол жетімді тізілімі және мектепке дейінгі ұйымды басқару жүйесін;

elicense.kz – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі» лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру порталын;

Барлық мектепке дейінгі ұйымдардың бірыңғай тізілімі, балаларды қабылдау бойынша электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ваучер алуға кезектер, барлық мәліметтердің барынша ашықтығы, балалардың электрондық жеке істері және қолма-қол ақшасыз төлемдер Indigo24.kz – автоматтандырылған сервисін;

Ұстаз – педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының платформасын;

«QamqorTech»  бетті тану процесі және геодеректерді орналастыру үшін пайдалану арқылы қатысуды бақылауды автоматтандыру жүйесін;

egov.kz – Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат порталын тұрақты әрі жүйелі түрде пайдаланады.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1.  «Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер»

Мектепке дейінгі ұйымда талдау жүргізу барысында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер анықталмады.

Талдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.



Талдамалық анықтамамен келісті:     



БоташеваАйнаш                             ______________

Казакбаева Зауре                        ______________

Копбергенова Ляйла                          ______________

Сабырқұл Назира                               ______________

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив